Біздің ұжым
Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназия – кәсіби білікті, тәжірибелі әрі жаңашыл педагогтерден құралған үлкен ұжым. Бүгінде мектепте 118 мұғалім қызмет атқарады. Ұжым мүшелері білім берудің заманауи әдістерін тиімді қолданып, оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына жағдай жасап келеді.
Мектепте педагогтердің кәсіби деңгейі жоғары. Атап айтқанда:
  • 7 педагог-шебер
  • 44 педагог-зерттеуші
  • 22 педагог-сарапшы
  • 34 педагог-модератор
  • 22 педагог
Бұл көрсеткіштер ұстаздарымыздың үздіксіз кәсіби дамуға ұмтылатынын және білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.
Гимназияда оқу-тәрбие үдерісі 7 кафедра негізінде ұйымдастырылған. Әр кафедра өз бағыты бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізіп, тәжірибе алмасу алаңы ретінде қызмет етеді.
Төменде кафедралар туралы толық ақпаратпен таныса аласыз:
Made on
Tilda